«Talk & Cook» бағдарламасының қонағы - Астанадағы Қазақстан халықаралық мектебінің директоры, австралиялық Тодд Фланаган. Ол бағдарлама жүргізушілеріне теңіз өнімдерімен танымал елде маринараны қалай дайындайтынын көрсетеді. Сондай-ақ, осы шығарылымда біз австралиялықтардың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен екі ел арасындағы ұқсастық жайында айтамыз. Бағдарлама мейманы Тодд Фланаган Орталық Азияда ең үздік халықаралық мектепті құру туралы өзінің тәжірибесін бөліседі. Қазіргі сапалы білім қандай болуы керек? Бала үшін ең жақсы білім ошағы қандай? Бұл туралы «Talk & Cook» бағдарламасының осы шығарылымынан білетін боласыздар.