Латиф Парпиев – балалар реабилитологы. Бұл салада 4 жылдан бері еңбек етіп келеді. ДЦП, өкпе, асқазан, бауыр, жүрек-қантамырлар жүйесінен ауруға шалдыққан науқастар маманның көмегіне жүгінеді. Латиф Парпиев 4 жылдың ішінде 5 мыңнан аса баламен жұмыс істеген. Сонымен қатар реабилитолог волонтёрлер тобын ашқан.