Лария Жақамбаева. Мамандығы экономист болғанына қарамастан, дизайнерлікке біржолата ден қойған. Әдемі киімдерге банкте жүріп-ақ ден қоя бастайды. Қызметкерлерге арналмаған киім киіп барғаны үшін бірнеше мәрте сөгіс те естіпті. Ол өзінің асыл арманына ақырындап қадам басады. Жұмысқа жиналып жатып, италия сөздерін жаттайды екен.
Кейіннен Италияның Марангони қаласындағы Сән институтына оқуға түседі. Оның тіккен киімдерінен өзінің мінезі байқалып тұрады. Алғашқы топтамасын халық назарына ең алғаш 2008 жылы ұсынып, көрермен көзайымына айналады. Сол жолғы бірнеше арнайы жүлде бір өзіне бұйырады. Бүгінде оның киімдері клиенттер арасында үлкен сұранысқа ие.