Асқан талғампаздық. Өз-өзіне деген нық сенім. Өмірге деген құлшыныс. Бұл қасиеттердің бәрі біздің бүгінгі кейіпкеріміздің бойында бар.
Динара Сәтжан. Отандық дизайнерлерді сән әлемінің төріне шығаруға көмек беріп, жол көрсетіп жүрген тележүргізуші, fashion продюсер. Ол бірер жылдан бері қалың жұртшылықты Аида Кауменова, Наиль Байкучуков Бибисара брендтерімен таныстырып жүр. Бүгінде Динараның өз бренді бар. Ол әйелдер мен ерлерге арналған спорт костюмдер мен өзге де киімдерді шығарады. Ол шығаратын киімдерін ең алдымен дизайнердің өзі сынап киіп көрген жөн дейді.