Алматы - оңтүстік Астана

Алматы - әр адамның шығармашылық қабілетін ашатын сан қырлы қала. Тіпті, мегаполистің бір ауданынан басқасына барудың өзі кішігірім саяхат іспетті. Бұл шығарылымда сіздер оңтүстік астананың қай жерінде Бэнкси шығармашылығымен танысып, елден шықпай-ақ швейцариялық сән - салтанатпен демалуға болатынын біле аласыздар. Сонымен қатар жер сілкінісіне төтеп бере алатын әлемдегі ең мықты мұнараны көресіздер.