Біздің көк аспан түстес төлқұжатымызда «құжат иесі Қазақстан Республикасының қорғауында» деген жазу бар. Демек құжатсыз адам – қорғансыз адам. Біздің кейіпкеріміз 24 жыл құжатсыз жүрген. Ол ешқашан мектепке бармаған. Оқу оқымаған. Өмір бойы қара жұмыс істеп, құжаттарын жасатуға қаражат жинаған. Бірақ, еш нәтижесіз… Бағдарламаның дайындалу барысында журналистер кірісіп, 24 жылдан кейін төлқұжатын қолға алды.