Бүгінде Қазақстандағы көптеген әйел зергерлік кәсіпті серік етіп, өздерінің төл туындыларын жасап, сән үйлерімен әріптестік орнатып келеді. Олардың қолынан шыққан әсем әшекейлер жұртшылықтың ықыласын тудырып отыр.
Бағдарлама кейіпкері зергер Наталья Тимченко әрбір әйелге қандай әшекейдің үйлесімді болып тұратындығын өте жақсы біледі.
Наталья өзінің әшекей заттарын Fluid Art әдісімен жасайды. «Fluid» сөзінің аудармасы – сұйық, ал «art» – өнер. Бұл әдістен белгілі бір оқиғаны бейнелеуде қолданылатын абстакционизмнің алуан түрін көруге болады.