Қостанай облысында құрамалы бөгет сыналуда

Қостанай облысында құрамалы бөгет сыналуда

Қазақстанда құрамалы бөгет сыналды. Қостанай өңірінде су тасқыны кезеңіне дайындық барысында топан судан қорғанудың тың амалдары қарастырылып жатыр. Өлкедегі қорғаныс бекеттерін нығайтып, олардың тозуынан сақтайтын жасанды құрылым орнатылды. Темір тордан жасалған құрылғының ішіне тас, құм сынды табиғи материалдар толтырылып бекітіледі. Оның биіктігі екі метр. Қажеттілікке қарай торкөз қаңқаларды бір-бірінің үстіне кигізіп биіктетуге болады. Бұл құрылғының ерекшелігі - жылжымалы. Яғни, су басу қаупі төнген жерге апарып жылдам құрастыруға болады. Сынақ өткізу кезінде мамандар технологияның барлық қыр-сырын жан-жақты саралап, оны құрастырудың әдіс-тәсілдерімен іс-жүзінде танысты. Олар жасанды бөгеттің елді мекендерді тасқынынан қорғауда пайдалану мүмкіндігі мен тиімділігін тексерді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?