Кофехана ашу - бұл тек қана бизнес емес. Қажырлы еңбек пен мол білімді талап ететін еңбек әрі онда үздіксіз өзгеріс енгізіп отыру қажет.
Олжас Бортаев 2022 жылы інісі мен қарындасының көмегімен
кофехана ісін бастаған болатын. Істері сәтті жүзеге асып, бүгінде халықтың
ықыласы мен ризашылығына бөленген кәсіпкер. Бағдарлама барысында бизнестің
сырлары мен кофехана ісіндегі қызықьтар жайлы кәсіпкердің өзі айтып береді.

