Ежелден-ақ қазақ халқының ең басты ерекшелігі – әрине оның қонақжайлығы болған. Жолаушының шыққан тегі мен ұстанған дініне қарамастан, ең алдымен оны үсті тамаққа лық толған ақ дастарханға отырғызған. Шексіз далалар еліне келген көптеген саяхатшылар атап өткендей, қазақтардың үйінен аш шығу мүмкін емес еді.
Қазақ тағамдарының тарихы тағам дайындау технологиясындағы, сақталуындағы және пайдалануындағы өзіндік әдістерімен ерекшеленеді. Бүгінде қазақстандықтардың дастарханында құрметті орын алатын рецептер қалай пайда болды? Көшпенділер тағамының қайсысы ұмытылды? Көшпенділердің ас мәзірі тағы қандай құпияны жасырып жатыр? Бұл сұрақтардың жауабын дәмді бағдарламамыздан біле аласыздар.