Рейтингті австриялық Status Insights платформасы құрды. Жалпы оның деректер қорына 2,5 миллионнан астам әзірлемелер еніп отыр. Іріктелген жобалар аутизм спектрінің бұзылуын зерттеуге, инсульт диагностикасына, Альцгеймер ауруын ерте бастан анықтауға бағытталған. Осы үздіктерін таңдауда олардың құрылған күні, орналасқан жері, тартылған қаржы сынды жобаны іске асыруға қатысты бар мәліметтер ескерілді.
Қазақстандық medtech-жобасы ми ауруларын диагностикалау бойынша үздік әлемдік өнертабыстардың бестігіне енумен қатар жеделдетілген есептеулер үшін инновациялық шешімдерді әзірлейтін стартаптарға арналған Intel – бағдарламасына еніп отыр. Осының нәтижесінде отандық өнертабыс иелері қажетті ақпаратқа, эксклюзивті оқу сабақтарына және жалпы экожүйеге қол жеткізе алады. Сондай-ақ, барлық есептеу инфрақұрылымын, бағдарламалық құралдар, несиелік жеңілдіктер мен сарапшылар қолдауына жүгіне алады. Жаһандық бағдарлама қазақстандықтарға стартапты дамытуға септеседі. Әзірге,бұл бағдарламаға қатысатын алғашқы және жалғыз отандық жоба.
Жандос Ембергенов, операциялық директор:
- Олар бізге тәлімгер береді. Менторлар технологиямызды толығымен жақсартуға көмектеседі, Мәселен ол жасанды ақыл-ой, машиналық оқыту болуы мүмкін. Олардың есептеу қуатын барынша пайдалануға көмектеседі. Сонымен қатар, олар бұлтты шешімдерді тегін ұсынады. Бұл олардың техникалық жағынан демейтін бірінші кезеңі. Алайда, олардың басқа да акселератторлары бар.
Медициналық технологиялар саласындағы бұл өнертабыс инсультті 10 минут ішінде анықтай алады. Қазіргі таңда жоба еліміздің 26 мамандандырылған орталығында сәтті ендірілген. Алдағы уақытта республиканың барлық осы текті мекемелері қазақстандық бағдарламамен қамтылмақ. Айта кетейік, бұл стартап Өзбекстан ауруханаларында да пилоттық режимде жұмыс істейді.
Жандос Ембергенов, операциялық директор:
- Пациент инсульт орталықтарына немесе біздегі МРТ және КТ аппараты бар басқа клиникаға келеді. Бұл пациент КТ аппаратында және біздің бағдарламалық жасақтаманы қосқан инсульт орталығында суретке түседі. Бұл құрылғы суретті автоматты түрде серверге жібереді. Біздің жасанды интеллект оны алгоритм арқылы 3 минуттың ішінде талдайды және сонша уақыттың көлемінде нәтижелерді мобильді қосымшаға немесе дәрігерлер мен рентгенологтардың ДЕСТОП қосымшаларына жібереді.
Енді медицинаға арналған жасанды интеллектті қазақстандық әзірлеушілер АҚШ-тың инвестициялық нарығына шығаруға мүдделік танытып отыр. Олар стартап-қоғамдастық арасында қолдау табуға ниетті.