Қазақстандық елдімекен үздік туристік ауыл болып танылды

Алматы облысындағы Саты ауылы биыл әлемдегі ең үздік туристік елді мекен атанды. «Көлсай көлдері» Ұлттық саябағында орналасқан жергілікті мекенге мұндай мәртебені бүкіләлемдік туристік ұйым тағайындап отыр. Жалпы игі іс-шара 2021 жылдан бері қолға алынып, іске қосылған. Бастама елді-мекендер мен ауылдарда туризмді дамыту, сонымен қатар олардың әл-ауқатының қозғаушы күшіне айналдыруды көздейді.

Ернұр Кенжебеков, «Kazakh tourism» баспасөз-хатшысы:
-
Бүгінде Саты туристер келе алатын үйшіктердің саны бойынша көш бастап тұр. Бұл жергілікті тұрғындардың араласуының арқасында мүмкін болды. 5 жыл ішінде бұл жерде ыңғайлы маршруттар мен аралауға арналған жолдар жасалды. Саты ауылының тәжірибесін бүкіл Қазақстанға тарату үшін отандық туристік операторлар мен өзге өңірлердегі шағын қонақ үйлердің иелері арасында ақпараттық турлар өткізілуде. Сонымен қатар, тренингтер мен семинарлар да өткізіледі. 2023-і жылғы мәліметтер бойынша, Сатыда 90 шағын қонақ үй мен 30 қонақ үй бар. 2019-ы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есе өскен.

Айта кетер жайт, бұл халықаралық деңгейдегі тұңғыш марапат емес. 2020 жылы Саты ауылы «Lonely Planet» ірі халықаралық нұсқаулық басылымында үздік туристік мекен деп танылған.