Қазақстандық 90 студент Дүниежүзілік универсиадаға қатысады

Қазақстандық 90 студент Дүниежүзілік универсиадаға қатысады

Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік студенттік ойындарға қатысады. 28 шілдеде Қытайдың Чэнду қаласында басталатын ХХХІ спартакиадада еліміздің намысын 90 студент 11 спорт түрінен қорғайды. Олар жүзу, жеңіл атлетика, семсерлесу, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, дзюдо, таеквондо, үстел теннисі, у-шу, оқ ату, дайвинг және т.б бағыт бойынша өзара сайысқа түседі. Ауқымды халықаралық шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, 269 дисциплина бойынша 18 ірі жарыс өткізу жоспарланған. Еске салайық, жазғы Универсиада екі жыл бұрын Чэндуде өтуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты жарысты кейінге шегеруге тура келді. Шара 8 тамызда аяқталады.