Қазақстанда Ұлттық құрылтай құрылды

Қазақстанда Ұлттық құрылтай құрылды

Қазақстанда Ұлттық құрылтай құрылды. Қасым-Жомарт Тоқаев сәйкес Жарлыққа қол қойды. Ұлттық Құрылтай Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган қызметін атқарады. Оның негізгі мақсаты – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды тұжырымдау. Ұлттық құрылтайдың құрамына Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен сарапшылар, аймақтық  қоғамдық кеңестерінің мүшелері кіреді, деп хабарлады өз Телеграм каналында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.