Қазақстанда өткен тәулікте 664 ковид-науқас анықталды. Басым бөлігі - 110 адам елордада расталды. Одан кейін Қарағанды облысында 97 адамның бойынан инфекция табылса, Ақмола өңірінде 79 тұрғынның диагнозы ПТР зерттеу арқылы қуатталған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 386 мыңнан асты. Қазіргі уақытта 19 мыңнан аса адам ковид инфекциясынан емделуде, оның ішінде 670-тен көп пациент стационарда ем қабылдауда.