Тарихқа сүйенсек, алғашқы хайуанаттар бағы біздің дәуірімізге дейінгі 1150 жылы Қытайда пайда болған. Оған император сарайында тұратын адамдар ғана кіре алатын.
Ал көпшілікке арналған хайуанаттар бағы 1793 жылы Парижде ашылған. Ол бірнеше міндеттерді қатар атқарды.
Жалпы хайуанаттар бағы көп қаражатты талап ететіні белгілі. Сондықтан бүгінгі таңда мұндай орынды ашуға кез келген мемлекеттің мүмкіндігі бола бермейді.
Қазіргі таңда Қазақстада 3 ірі дәстүрлі хайуанаттар бағы бар. Ең көне, ең үлкен, ең танымал нысан Алматы қаласында орналасқан. Күн сайын мұнда мегаполистің тұрғындары мен қонақтары толассыз келіп жатады. Ендеше, хайуанаттар бағына саяхат жасап, оның танымал әрі сүйікті орындардың қатарында болуының себебін анықтайық.