Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған монета халықаралық марапатқа ие болды. XVII «Монета Жарық Жұлдызы» халықаралық конкурсына 18 елден келген 23 қатысушының арасынан қазақстандық монета 3 орынды иеленді. Сайысқа түскендер былтыр жарық көрген ақша белгілерін ұсынды. 9 номинация бойынша жеңімпаздарды кәсіби қазылар таңдады. Оның құрамына ірі музейлердің, аукцион үйлерінің, нумизматикалық ұйымдардың өкілдері мен бірнеше мемлекеттің монета зерттеушілері кірді. Айта кетер тағы бір қызықты жайт, бұл сайыста жүлдегерлер қатарынан көрінген Беларусь пен Қырғызстан Ұлттық банктерінің монеталары да Қазақстанда жасап шығарылған.
Алмат Басенов, Қазақстан ұлттық
банкінің бас дизайнері:
-Бұл номинацияның бір қызығы жаңа
технологиялар қолданылып жасалған, бояулар жасалған, гаухар тас бекітілген,
алтынмен қапталған, жалпы, бағалы тастар қолданылған монеталар қатыспады. Бұл
дегеніміз монета бұрынғы дәстүрлер бойынша жасалуы тиіс. Сол технологияға
сәйкес, біз Мұхтар Әуезовтың құрметіне монета жасадық. Монетаның қарама-қарсы
бетіне қарасаңыз, қауырсын мен жазбаны көруге болады. Ол Мухтар Әуезовты қазақ
әдебиетінің классигі ретінде көрсетеді.
«Жаратылыс сырлары» Жаңа коллекциясының
монеталары жарық көрді
Осы орайда Қазақстан Ұлттық Банкі
«Жаратылыс сырлары» жаңа сериясының коллекциялық монеталарын айналымға енгізді.
Аса қиын технологиямен күміс пен тантал қолданылған монета TÁŃIRLIK TANYM деп
аталды. Таралымы 500 дана. Дизайнерлердің айтуынша, монеталар танымдық қызмет
атқарады. Ол арқылы адамдар бұрынғы өркениеттер жайлы біле алады. TÁŃIRLIK
TANYM монетасында ғажайып өмір ағашы «Бәйтерек» бейнеленген. Сонымен қатар оның
басында «Самрұқ» құсы болса, тамыр тұсында Айдаһар орын тапты.