Стоунхендж немесе күнге табыну ғұрпы әлемге қалай тарады? Жұмбақ мемлекет, Күлтөбе кешенін не үшін жасырған? Ұлы дала. Күлтөбенің құпиясы. «Құмсағат» бағдарламасын тамашалаңыздар!
«Қызыл жалын бірдеңені сезгендей қасиетті мехрабтың айналасында сенделе бастады. Көпті көрген абыз оған құрмет көрсетті. Жақын барып, кешірім сұрағандай кейіпке еніп, үстіне қалың матаны жаба салды. Ауа тарылғаннан қызыл жалын лезде сөніп қалды. Тек кері бұрылып кетіп бара жатқан абыздың артынан күл көтерілді. Қария көмекшісіне белгі беріп еді, ол дереу есікті бітеп тастады». Күнге табыну туралы аңыз.
Ғасыр емес-ау, мың жыл жатқан күл мен шаңды көтерген археологтар ерекше құрылысқа кез болды. Тарихи сәт – 2011 жылғы мұрағат көріністері.
Оңтүстік Қазақстанның байырғы тұрғындары кімге табынған, мұнда қандай салт жорасын орындаған? Ғибадатханаға бекініс қабырғаларының керегі не, абыздар кімнен қорғанған? Қазақстан, Мысыр, Ұлыбритания, Италия – әлем тарихындағы күнге табыну жоралғысы және қазақ даласындағы ең жұмбақ мемлекетің тарихы.