«Health Code» жобасының бұл шығарылымында санитарлық авиация қызметіне назар аударамыз. Елдің түкпір-түкпіріне ұшып барып, шұғыл жағдайда көмек көрсететін дәрігерлер мен фельдшерлердің жауапты қызметіне тоқталамыз. Іске қосылған күннен бері санитарлық авиация 40 мыңнан астам рейс жасаған. Олар экстремалды жағдайлармен қалай күреседі? Олардың қызметін ерекше ететін не? Осы сұрақтарға жауап алғыңыз келсе, бағдарламаны көріңіз.

