Жаңа туған
нәрестенің алғашқы тынысы, алғашқы жылауы - осы сәттерде қасында болатын
дәрігер - неонатолог. Бұл шығарылымда, біз, мерзімінен бұрын туған немесе ауыр
жағдайда дүниеге келген сәбилерге қалай көмек көрсетілетінін көрсетеміз. Қазір
Қазақстанда нәрестеге алғашқы сағаттарда ота жасау, салмақ қадағалау, ұзақ
оңалту,
тіпті олардың өмірін толығымен
сақтау мүмкіндігі бар. Біз сәбилердің өмірін сақтап қалған дәрігерлермен,
аналармен және өмір үшін күрескен кішкентай батырлармен танысамыз.

