Халықаралық банктің басқарма төрағасының жұмыстан басқа ештеңеге қолы тимейді деп кім айтты? Оның қызығатын нәрсесі көп болуы мүмкін. Мәселен, Гордон Хаскинс тау велосипедін тебеді, бейнелеу өнері және фотосуретпен айналысады. Канададан келген банкир Алматы көшелерінде жоғалып кеткен ит-мысықтарды іздеп табады. Қазақстандық суретшілердің туындыларын жинайды. Ұлы дала мәдениетіне қызығушылық танытады. Жұбайы Долорес бұл бағытта күйеуіне барынша қолдау көрсетуге тырысып келеді. Ерлі-зайыптылар Көктөбе төңірегінде тұрады. Гордон жұбайынсыз өз өмірін елестете алмайтынын айтады. Долорес жұмыс бабымен Канадаға кетіп қалса да, кейіпкеріміздің екі сөзінің бірі жұбайы жөнінде болды.
«Шетелдіктің бір күні» бағдарламасының кезекті кейіпкері Гордон Хаскинспен таныс болыңыздар!