Әли Голамалипур Малайзия университетінде білім алған. Сол жерде қазақстандық Нұрзадамен танысып, отандасымызға үйленген. Университетті аяқтағаннан кейін екеуі Қазақстанға келген. Нұрзада жергілікті компанияда жұмыс істейді. Әли Елордада ағылшынша сөйлейтін қауымдастық құрумен айналысады, балабақшада жұмыс істейді және сенбі сайын Ұлттық академиялық кітапханада тегін сабақ береді. Әлидің Қазақстанға көшіп келгеніне көп болмаса да, ол нағыз «күйеу бала» ретінде жергілікті салт-дәстүрлердің біразымен танысып үлгерген. Қазір ол халықаралық мамандармен қоса қазақстандықтар да қатысатын ортақ жобаларды дамытып келеді.