Камила Курбани. Жоғары кәсіби білімі бар дизайнер. Оған Alexander McQueen шығармашылығы шабыт береді. Камила ерекше образдар жасайды. Алматының көне ғимаратары бейнеленген свитшоттар, арқаға асып алатын курткалар, мөлдір матадан тігілген плащ. Мұның бәрі – оның қолынан шыққан дүниелердің бір ғана бөлігі.
Бұған қоса ол сүйікті жар, аяулы ана. Камиланың айтуынша, оған қолдау көрсетіп, шабыт беретін жер – бұл отбасы.