Ғылыми экспедиция Израиль елінде. Көне Иерусалимнің «Арыстан» атаулы қақпасында сұлтан Бейбарыстың белгісі – «арыстан» бейнесі бедерленген. Бұл «нысанды салдырушы қыпшақ сұлтаны» дегенді білдіреді ме, әлде басқа себептері бар ма? Мәмлүктер дәуірінде пошта қызметі өте жоғары деңгейге жеткен. Байланыс жүйесі несімен ерекшеленді? Керуен сапы Құддыс қаласының құпияға толы көшелерінен – Аргун әл-Камили есімді тұлғаның медресесін іздеп тапты. Оның есіміндегі «Аргун» сөзінің «Арғын» руымен байланысы бар ма?