Бүгінгі шығарылымда ашық аспан астындағы ірі спорт кешендерінің бірі – астаналық триатлон саябағы жайлы айтамыз. Қазақстандағы танымал боксшылардың бірі – Иван Дычкомен сұхбат құрып, тыныс алу гимнастикасынан Ксения Деревянконың шеберлік-сыныбына қатысамыз.
Қазақстанда Иван Дычконың есімін естімеген спорт жанкүйері жоқ шығар. Қостанайлық боксшы ұлттық құрамадан ойып тұрып орын алды. Ірі додаларда қанжығасы майланып жүрді. Нақтырақ айтсақ, Иванның еншісінде олимпиада ойындарының екі қола жүлдесі және әлем чемпионаттарының қос бірдей күмісі мен қоласы бар. 2017 жылы Дычко кәсіпқой боксқа ауысты. Осы уақытқа дейін 9 рет рингке шығып, барлығында жеңіске жетті. Жеңіске жетіп қана қоймай, 9 жекпе-жекті де мерзімінен бұрын аяқтады. Оның рингке шықпағанына 1 жылдан асты. Сондықтан жанкүйерлердің оны іздей бастағаны анық.