9 жасар кезінде ол апатқа ұшырап, қолы мен аяғынан айырылды. Дәрігерлер оған қатысты «періштесі қақты» деген тіркесті көп қолданады. Уақыт өте келе Ержан Сәлімгереев спортты серік етті. Қазір ол – әлемдегі айтулы жүзуші-паралимпиадашылардың бірі. Сондай-ақ Токиода Қазақстан қоржынына жүлде салады-ау деген аздаған үміткердің қатарында.
Бүгінгі бағдарламамызда Пара Азиада ойындарының 2 дүркін чемпионы Ержан Сәлімгереевпен сұхбат құрамыз.
Күрестің 3 түрі бойынша өткен әлем біріншілігіне шолу жасаймыз. Сондай-ақ будзинкан деп аталатын спорт түрінің қыр-сырына үңіліп, Валерий Акуловтың шеберлік сыныбына қатысамыз.