Испанияда соңғы апталарда вакциналау деңгейі айтарлықтай төмендеді. Бүгінгі күнге дейін 12 жастан асқан испандықтардың 91% коронавирусқа қарсы екпенің екі компонентін де қабылдаған. Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш Еуропаның көптеген басқа мемлекетімен сәйкес келгенімен, соңғы 10 күнде мүлдем өзгермеген. Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығының мәліметі бойынша, халықтың 49,5% вакцинаның үшінші дозасын алған. Олардың басым көпшілігі – қарт адамдар немесе осал топтағы адамдар. Ең төмен көрсеткіш жастар арасында орын алып отыр.