Илон Маскқа Қазақстанда зауыт салу ұсынылды

Америкалық бизнесмен Илон Маскқа ұшқышсыз басқарылатын «Tesla» автомобильдерінің зауытын Қазақстанда салу ұсынылды. Өнертапқышқа мұндай ұсынысты Түркістан қаласының әкімі Twitter желісі арқылы білдірген. Рашид Аюповтың айтуынша, бұл – шынайы ұсыныс. Егер қазақстандықтар осы ұсынысты көптеп жіберетін болса миллиардердің оған жауап қатуы әбден мүмкін. Қала басшысының айтуынша, жоғары технологиялық зауыттың пайда болуы аймақ экономикасын тек өрге сүйрейді. 

Рашид Аюпов, Түркістан қаласының әкімі:

- Мен еліміздің патриоты ретінде әлемдік деңгейдегі алпауыттардың Қазақстанға келгенін қалаймын. Бұл жастардың кәсіби өсуіне жол ашады. Ғылым, жаңа технологиялар мен экспорттық әлеует: мұның барлығы өте маңызды.