Биыл Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман қорын қалпына келтіру жоспарланып отыр. Ол үшін орманшылар 47 гектар жерге ағаш отырғызуы керек. Көшеттер Қаскелең орман шаруашылығына қарасты тәлімбақта өсіріледі. Онда жапырақты көшеттер бір жылды, қылқан жапырақтылар 4-5 жылды қажет ететіні атап өтілді. Жоспар бойынша, биыл 20 мың түп көшет отырғызылмақ.
Орынбасар қарнақ, орманшы:
– Жылына жаздай 3-4 рет шөптейміз. Жаңбыр жауған жылы шөп өте көп шығады. Бұл бала сияқты қарап отырсаңыз, еңбегі өте қиын. Соны 15-20 см өскеннен кейін біз тау-тасқа апарып егеміз.
Бақтияр Нұрланов, Іле Алатауы мұтп ақсай филиалының директоры:
– Жапырақты ағаштар қазан айында отырғызылады. Алаңда қазірдің өзінде бір жылдық материалды отырғызуды бастаймыз. Биіктігі 2 мың метрден аспауы керек, яғни теңіз деңгейінен 1600-ден 2 мыңға дейін. Ал қылқан жапырақтылар - теңіз деңгейінен 2 мыңнан 2 жарым мың метрге дейінгі биіктікте өседі.