Халықаралық рекрутингтік компанияның жетекшісі Майкл Гермерсхаузен Шығыс Германияда туып өскен. Қазақстанға көшіп келе салысымен тау-шаңғы маусымын ашып, жұмыста әр апта сайын таңғы ас дайындау дәстүрін енгізді. Майкл отбасымен бірге ТМД елдерінде тұрып жатқанына 20 жылдай уақыт болды. 2021 жылдың басында ол компания қызметінің бірнеше бағыты үшін жауапты тұлға деп танылып, Мәскеуден Алматыға көшіп келді. Бұл өзгерісті Майклдың өзі де, жұбайы Лилия мен балалары да қуанышпен қарсы алды. Олардың айтуынша, жергілікті тұрғындар ақкөңіл жандар, ал Қазақстанның табиғаты көркімен тамсандырады.