Қазақстандық музыкант – Ерік Шалабаев

Мәскеу – театр мен музейлер қаласы. Әсем қаланың жарқыраған оттары көз қарықтырады. Миллиондаған тағдырды тоғыстырған астанаға арман қуып келген әр адамның өз жолы бар. Қаланы аралап жүргенде көрікті көшелердің кез келген бұрышынан тарихи оқиғалардың елесін көргендей боласыз. Бағдарламаның бүгінгі кейіпкері – қазақстандық Ерік Шалабаев. Ол атақты музыкант Юрий Абрамович Башмет жетекшілік ететін екі музыкалық ұжым: жаңа Ресей оркестрі мен Мәскеу солистері камералық ансамбльінде гобой аспабында ойнайды.