Италияның қаласы Генуя тұрғындары үшін қазақстандық «Астана Опера» театрының сапары – көптен күткен сәттердің бірі. Өткен жылы ұжымның «Спартак» балеті үлкен аншлагпен өткен. ҚР Мәдениет жэәне спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында астаналық театр қайталамақ ниетте. Бұл жолы шығармашылық топ ұлттық классика жауһары «Абай» операсын қоймақ. Ешбір боямасыз, түпнұсқада орындалатын туындыға 300-ден аса адам қатысады.