Армения Республикасы – Азияның солтүстігінде орналасқан мемлекет. Шекарасы Грузия, Иран, Түркия және Әзербайжанмен шектеседі. Аумағы – 29 743 км². Әлем бойынша 138-ші орында. Халқының саны 2021 жылдың 1 сәуіріндегі дерек бойынша, шамамен 3 млн адам. Астанасы – Ереван. Дипломатиялық байланыс Армения Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында 1992 жылы 27 тамызда орнаған.