Өзбекстан Республикасы – Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Шегарасы Қырғызстан, Қазақстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Тәжікстанмен шектеседі. Аумағы – 448 924 км². Әлем бойынша 56-шы орында. Халық саны 2021 жылғы 1 қазандағы дерек бойынша 35 640 440 адам. Астанасы – Ташкент. Дипломатиялық байланыстар Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында 1992 жылы 23 қарашада орнады.