Джуиананың анасы Сюзан - қызы десе ішкен асын жерге қоятын өте мейірімді, ақкөңіл әйел. Ол өз өміріндегі көз қуанышы қызының тағдырымен бөлісуді қуана-қуана келісті. Джулианамен қатар бағдарламаның осы санында американдық отбасылар асырап алған екі ұл бала тағдыры бейне тапқан. Екеуінің есімі - Арман. Алайда тағдырлары екі бөлек.