Қазақстандық көрермендер Жаннаны 2013 жылдан бері біледі. Осыдан 10 жыл бұрын түсірілім кезінде ботадай боздап жылаған қазақ қызын халықтың өтініші бойынша іздеп таптық. Осы уақыт аралығында өмірден не түйгенін Жанна өзі айтып береді. Ал Дана ұзақ уақыт бойы гимнастикамен кәсіби тұрғыда айналысыпты, музыкалық аспаптарда шебер ойнайды. Өте талантты қыз. Университетке түсуге дайындалып жүр. Дана мен Жаннаны біріктіретін Орал қаласы. Салтанат жиырма жаста. Әлеуметтік желі арқылы туған ата-анасын, бауырларын тауып алған.
Жақында асырап алған анасымен бірге Қазақстанға келіп, туған-туысымен кездесті.
Үш қыз туралы
көбірек білу үшін «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасын тамашалаңыздар!