Өткен жылы Елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып жарияланды. Жыл сайын атап өтілмек бұл мерекелік күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі ерекше болмақ.
Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым. Күні кешеге дейін әр үйдің төрінде ілулі тұратын ұлттық аспабымыздың күмбірлеген үні бүгінде қайта жаңғырды.
Биыл 7 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында «Ұлттық домбыра күніне» арналған мерекелік концерт өтті.
Қазақ елі монументінің алдындағы алаңға ниет білдіргендердің барлығы қатысты. Домбырамен күмбірлеген қазақ күйлері барша қонақтар мен қала тұрғындарының ықыласына бөленді.