Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақ ретінде қатысты.
Ыстықкөл жағасында ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойыны ресми түрде ашылды. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақ ретінде қатысты.
Биыл күллі әлем көз тіккен іс-шараға 80 мемлекеттен 2 мыңнан аса спортшы қатысады. Олар 37 этноспорт түрі бойынша сынға түседі. Спортшылар 174 алтын, 173 күміс, 247 қола медальді сынға салады. Ойындардың жалпы қоры – 28 миллион сомға жуық.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2 жылда бір рет өткізіледі. Биыл Қырғызстан билігі ережені өзгертіп, көшпенділер ойындарын өз жерінде ғана емес, эстафетамен өткізуді ұйғарды. Келесі ойындар 2020 жылы Түркияда өтетін болды.