Елімізде 6 шілдеде Елорда күнін тойлау дәстүрге айналған. Бұл – халқымыздың, мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктерін көрсетудің бір үлгісі. Әдетте ұлан-асыр той жасап, есте қалар іс-шаралар ұйымдастырылады. Елорда күні түрлі концерттік алаңдарда отандық және шетелдік өнер жұлдыздары, әлемдік деңгейдегі опера және балет жұлдыздарының қатысуымен концерттер, фестивальдар, сондай-ақ спорттық шаралар өтеді. Мереке еліміздің бас қаласында ғана емес, басқа да үлкен қалаларда тойланады. Биыл қалада 100-ден аса мерекелік іс-шаралар өткізу жоспарланған. Олардың 69-ы тегін өтеді.