Егер қандай да бір жаңашылдық пен өзгеріс әкелгің келсе, онда білім саласына ден қойған дұрыс деп санаймын. «Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген жақсы ұғым бар. Мен бұнымен толықтай келісемін, қыз-келіншектер мен әйелдердің біліміне ат салыса отырып, біз келешек ұрпақтың ой-өрісінің дұрыс қалыптасуына сүбелі үлес қосамыз.