Қырғыз қоғамында әркез әйелдің өзіндік орны болған. Құрманжан - датқаның қырғыз тарихында зор мәртебеге ие болуы да соның дәлелі. Орталық Азия бойынша тек Қырғызстанда ғана жалғыз әйел президент Роза Отынбаева болды. Біздің бойымызда іскерлік, бәсекеге қабілеттілік бар және Қырғызстанда көш бастай алатын әйелдер көп екендігіне сенімдімін.