Ел хабары елдің жоғын жоқтап, билік пен ел арасында көпір болуды мақсат етті. Эфирге шыққан елуге жуық хабарда біз үдеден шыға алдық па, жоқ па, оған төреші өздеріңіз, қадірлі көрермен!.. Әр хабарда елдің сөзін айтуға, елдің жайын білуге, елмен бірге болуға тырыстық. Осы жылдың қорытынды хабарында біз осыны тағы бір таразылап шығайық.