Алдымызда ерекше жерлер, үстірттер, асулар мен жазықтар бар. Алматы облысының табиғаты бір сәтке де ішіңізді пыстырмайды.
Бүгін сіздерге ең құнарлы шөп өсетін жерлерді және төңіректегі ең жақсы жайылымдарды көрсетеміз. Ол – Дөңжайлау мекені. Сондай-ақ Асы-Түрген обсерваториясында жұлдыздарды қалай бақылау керегін де айтып береміз.