Түркістаннан 60 шақырым, Шымкенттен 150 шақырым жерде, Отырар ауданының Шәуілдір ауылына таяу маңда қазақ даласындағы ең киелі орынның бірі – Арыстан баб кесенесі орналасқан.
«Баба» сөзі құдайға ашылар есік деген мағынаны білдіреді. Бұл атақ сопылық жолды ұстанатын әулиелерге берілген. «Отырарда отыз бап, Сайрамда бар сансыз бап» деген сөз бар. Арыстан баб – артынан аңыз ерген тұлға. Ақиқаты мен өтірігін ажырату қиын. Шындыққа көз жеткізу үшін Арыстан баб кесенесіне аттанамыз.