Қазақстандық ғалым Аманкелді
Салыбековтың зерттеу жұмыстары қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары және сирек
кездесетін генетикалық ауруларды ерте анықтауға арналған. Оның зертханасында жасанды интеллекті қолдана
отырып, ДНҚ-ны «анықтаудың» заманауи әдістері жасалып жатыр. Бұл
технологиялар қауіпті өзгерістерді алғашқы белгілер пайда болғанға дейін
анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ғалым Салыбековтың командасы ДНҚ-ның
зақымдалған аймақтарын жоя алатын, аурудың ерте даму қаупін азайтатын гендерді
өңдеу технологияларымен жұмыс істеп келеді.

