Inside Family Business бағдарламасының кезекті саны қазақтың көшпелі тарихын көпке насихаттап жүрген кәсіпкер жайлы болмақ. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында туып өскен Марат Бексұлтановтың негізгі мамандығы – байланыс инженері. Дегенмен азаматтың бала күнгі қызығушылығы - төл туындымыз киіз үйді нарыққа шығаруға алып келген. Бүгінде дәстүр мен инновация үйлесім тапқан баспана сұранысқа ие ме? Кәсіпердің не айтары бар? Байланыс инженерін бұл бағытқа не жетеледі? Осы шығарылымда айтамыз!

