Қазақстанға биыл қаңтар-қыркүйекте 11 мың адам келген. Бұл өткен жылдың тоғыз айымен салыстырғанда бір жарым есе артық. Ranking.kz порталының дерегінше, ел аумағына аяқ басқан шетелдіктердің басым бөлігі Маңғыстау облысына тұрақтаған. Аймақта былтырдан бергі өсім 54% жетті. Ең азы Қызылорда өңіріне қоныстанған. Бұл өлкеге небәрі 12-ақ адам келген. Қай елдерден көп азамат келгеніне тоқталсақ, бұл жолы көрші Өзбекстанның шекарасын асқандар басым түсті. 2021-дің сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 90% ұлғайған. Кейінгі орындар Ресей мен Түрікменстан еншісінде. Үздік бестікке Қырғызстан мен Қытай да кіреді. Ал, Қазақстаннан кеткендерге келсек, бұл ретте Ресейге жол тартқандардың қатары қалыңырақ болғанымен өткен жылдан 21%-ке азайған. Кейінгі көш Германия, АҚШ, Польша және Өзбекстан мемлекеттеріне тиесілі.