Данышпан халқымыз «Білімдіге дүние жарық» деп бекер айтпаса керек. Білектің күші бірді жыққанымен, білімнің нұры көпке жетерін көреген бабаларымыз баяғыдан-ақ білген. Білгендігі соншалық – бір кездері бұл топырақтан білімнің кәусар бұлағы бастау алып, Әл-Фараби сынды бабаларымыз барша әлемге ілім нұрын таратқан.
Содан бері сан ғасыр өтсе де, ұлы дала төсінде білімге деген ізденіс пен үндеу еш тоқтаған емес Қазақтың қамын жеген Абай атамыз да халқына «Ғылым таппай мақтанбауын» ескертіп, білімге үндеумен өткен.