«Бес дұшпан» - Абай
айқындап берген адамгершілікке жат этикалық-әдеп нормалары. Абай «Бес асыл
ісінде» нағыз адам болу үшін бес нәрсеге асық болу керектігін айтса, «Бес
дұшпанда»: «Адам болам десеңіз, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ,
еріншек, бекер мал шашпақ - Бес дұшпаның, білсеңіз...» - деп адамның бойындағы
жағымсыз қасиеттерді сынға алады. Ақынның түсіндіргеніндей, адамгершілікке жат
жаман қылықтар - арамдық, әдепсіздік, әділетсіздік, жағымпаздық, жылпостық,
менмендік, қулық-сұмдық толып жатыр. Абай қазақ халқының
дамуы үшін, оның басқа елдер қатарына жетуі үшін бүл әдеттердің бәрі де кедергі
болатын қылықтар деп ұғып, бұларға барынша қарсы шықты.