Білім алуға мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау

Мектеп кейде балалар үшін де, ата-ана үшін де күйзеліс алаңына айналуы мүмкін. Күні кеше ғана тәтті күлкісімен қуантып жүрген бүлдіршіннің білім ордасының табалдырығын аттаған сәттен көңіл күйі болмай, ересектерге ашуланып, үй тапсырмасын орындағысы келмейді, тіпті сабаққа барғысы келмейді. Осы орайда баланың мектеп бағдарламасын меңгеріп, жаңа достар табуына ықпал ететін бірнеше жолы бар. Тек оның мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқау керек. Бұл туралы мамандар не дейді?